Қазақтың ақыны және ойшылы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына

2020 жылы, Қазақстан Республикасының азаматтары және бүкіл прогрессивті адамзат ЮНЕСКО-ның бастамасымен Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығын атап өтеді (Абай қазақ тіліндегі мағынасы- «мұқият», «сақ»).

Атақты ақын және ағартушы — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Ол сонымен қатар композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, және де ағартушылық ислам негізінде еуропалық мәдениетпен жақындасу рухындағы мәдени реформатор ретінде танымал.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 29 шілдеде Шыңғыстау тауларындағы Жидебай шатқалында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы), Арғын тайпасының Тобықты қазақ руынан шыққан Құнанбай Оскенбайдың дәулетті отбасында дүниеге келген.

Абай алғашқы білімін араб, парсы және басқа шығыс тілдерін оқытатын Семипалатинск (қазіргі Семей) қаласындағы медреседе алды. Сонымен қатар ол орыс мектебіне де қатысып жүрді. Бес жылдық оқудың соңында ол өлең жаза бастайды. Ол өзінің алғашқы өлеңдерінің шебер авторы ретінде 40 жасында танымал болды.

Абайдың тәрбиесінде оның әкесі Құнанбай қажы үлкен рөл атқарды, ол сол кезде қазақ даласынан келген қажыларға Меккеде қонақ үй мен мешіт салдыртқан бүкіл аймаққа танымал болатын. Оның Қарқаралыдағы  мешіті әлі күнге дейін жұмыс істейді. Құнанбай қажы көрнекті қоғам және саяси қайраткер болған.

Абайдың дүниетанымының қалыптасуына Шығыстың ақындары мен ғалымдары Фердоуси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Авиценаның  гуманистік идеялары, сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары, және олар арқылы жалпы еуропалық әдебиеті әсер етті.

Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропа мәдениетінің таралуына зор үлес қосты. Ол И.Крылов, М.Лермонтов, А.Пушкин, И.Гете және Д.Байронның әйгілі шығармаларын қазақ тіліне аударды. А.Пушкиннің өлең романындағы әйгілі Татьянаның Евгений Онегинге жазған хатын Абай қазақ тіліне аударып, әуенге басты. Ол біраз уақыт болыс басқарушысы міндетін атқарды.

Абай көптеген жалпыадамзаттық құндылықтарға ие тұлға болатын. Қарапайым халықпен сөйлескенде қол жетімділік,  қайырымдылық танытатын. Ол қазақтардың арасында зұлымдық пен надандыққа қарсы күресіп, білім беру арқылы олардың ұлттық мәдениетін дамытуға және әлеуметтік қараңғылықтан шығаруға өз үлесін қосып, өзінің бүкіл өмірін осы мақсаттарға арнады. Ол әрқашан кедейлерді жақтайтын, отбасы мен қоғамдағы әйелдердің теңдігі, адами сүйіспеншілікке шақыратын және қарапайым халықтың ауыр тұрмысы туралы көп жазатын.

Абай өзінің көптеген өлеңдері мен әндерін осы тақырыптарға арнаған, сондықтан олар әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай барлық қазақстандық отбасыларында, театрлар мен концерт залдарында оқылып, айтылады.

Мазмұнды өмір сүрген Абай бүгінгі күнге дейін маңызды болып табылатын өзінің ең әйгілі «Сөздер кітабы» — «Қара сөздерін» жазды. Барлығы ол 170-ке жуық өлең жазып, шет тілдерінен 56 аударма жасады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 7 қазанында жарияланған «Абайдың рухани өсиеті» атты мақаласында Абайдың сөздері мен идеялары қоғамымыздың қазіргі күнделікті өмірінің негізі бола отырып, біздің жасампаз істеріміз бен прогрессивті ұмтылыстарымызда нақты көрінісін таба беретіндігін атап өтті.

Өткен жылы, Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы шешім қабылдады, осы шараның аясында еліміздің бүгінгі саяси, экономикалық, мәдени жетістіктерімен ХХІ ғасырға сенімді қадам басқанын көрсету ойластырылған.

Ақынның шығармашылық мұрасын әлемдік деңгейде насихаттау аясында ертеректе Ұлыбританияның астанасы Лондонда Абай үйі ашылды. Көршілес Өзбекстанда, Қырғызстанда, сондай-ақ Түркияда және  Қазақстанның қалалары — Нұр-Сұлтан, Алматы, Семейде университеттерге, драма театрларына, даңғылдар мен көшелерге әйгілі жерлесіміздің есімі   берілді. Оның ескерткіштері Мәскеуде, Тегеранда, Бакуда, Ташкентте және Будапештте орнатылған. Ақын және ойшылдың мұражайы кеңестік кезеңде Абайдың туған өңірі   — Семей қаласында ашылған.

Абайтану — Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның философиялық, эстетикалық және әлеуметтік көзқарастарын зерттейтін әлемдік және қазақ әдебиеттануының бөлімі болып табылады. Абайтанудың бастауында қазақ зиялыларының негізін қалаушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтар тұрды.

Еліміздің қоғам қайраткерлері қазақ ұлтының рухани жаңғыруы үшін білім беру мекемелеріне «Абайтану» жаңа пәнін енгізуге, сонымен қатар, мәдени-ағартушылық орталық құруды ұсынып отыр.

2006 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді.

Ұлы Абайдың рухани мұрасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағын біздің сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне әрі қарай да шабыттандыра береді.

О.Бітімов

«AFG-QAZ», Қазақстан-Ауған даму және серіктестік қауымдастығының төрағасы

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *