
«AFG-QAZ» Қазақстан-Ауған даму және серіктестік қауымдастығының төрағасы Ө.Бітімов ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қостанай қаласында өтетін аймақтық көліктік-азық-түлік логистикалық орталығының ашылу рәсіміне қатысушыларға өз құттықтауын жолдады. (Ауғанстан мемлекетінен «Rah Abrisham Heray International Transitand Forwarding Ltd» ауғандық компаниясы қатысады).

Жолдауда логистика мәселелерін шешудің, әсіресе Ауғанстан үшін маңыздылығы атап өтілді. Жалпы алғанда, бұл нысанның ашылуы барлық жобаға қатысушылардың, әсіресе біздің екі елдің осы саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы (АИР) арасындағы екіжақты сауда мәселелері «AFG-QAZ» төрағасына жақсы белгілі екендігі баса айтылды.
Ө.Бітімов, 2011-2018 жылдары Қазақстан Республикасының ИАР-дағы Елшісі болған кезеңде, осы мәселелермен жеке айналысқан болатын, сонымен катар, қазақстан-ауған үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қызметі аясында.
Атап айтқанда, «Атамекен» ҚҰКП-мен бірге қазақстандық кәсіпкерлердің Қабыл және Мазари-Шариф қалаларына бірқатар сауда-экономикалық сапарлар ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
2016 жылы Ауғанстан астанасында Қазақстан Республикасының AИР-дағы Елшісінің тікелей қатысуымен «Қазақстанның сауда үйі» ашылды.
Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі USAID-пен бірлесе отырып, 5 жыл аумағында ауған кәсіпкерлерінің Алматыда өтетін Орталық Азия сауда форумының жыл сайынғы отырыстарына қатысуына ықпалын жасап отырды.
Қазіргі уақытта, 2018 жылы құрылған және Ө.Бітімов басқарған «AFG-QAZ» қазақстан-ауғанстан даму және серіктестік қауымдастығы өз міндеттемелеріне сәйкес және «халықтық дипломатия» аясында Қазақстан Республикасы мен АИР іскер қауымдастықтарына екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды орнатуға және дамытуға көмек көрсетіп отыр.
Өкінішке орай, сауда-логистикалық қызметтерді көрсету саласында әлі күнге дейін белгілі мәселелер туындап отыр.
Соның ішінде, келісімшартқа қатысушылардың өз міндеттерін орындамауы, тауарларды өз уақытынан кешіктіру, сапасыз экспорттық өнімдерді жеткізу және т.б., бұл жайттар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіреді және екі елдің имиджіне теріс әсерін тигізеді.
Осыған байланысты «AFG-QAZ» төрағасы Қостанайда көліктік-азық-түлік логистикалық орталығының пайдалануға берілуі 21-ғасыр деңгейіне сәйкес Қазақстан мен Ауғанстан трейдерлері арасындағы лайықты өзара әрекеттесудің мысалы бола алады деген пікірін білдірді.
«AFG-QAZ» қауымдастығы өз тарапынан «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» қауымдастығымен бірлесе отырып, ҚР — AИР іскер топтарының өкілдеріне ашылған Орталықты коммерциялық қызметтерінде кеңінен қолдануға кеңес бере алады.
Осы жобаның барлық қатысушыларына біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін оның сәтті жүзеге асырылуын тілейміз.

Қазақстан-Ауған даму және серіктестік қауымдастығы «AFG-QAZ»