«AFG-QAZ» дамыту және серіктестік қазақ-ауған қауымдастығының төрағасының Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы В.Паябпен кездесуі туралы

Читать данную статью на русском языке

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Ауғанстан Ислам Республикасының (АИР) Қазақстан Республикасындағы (Алматы қ.) Бас консулы Вайс Паябтың кеңсесінде қабылдауда болдым.

Оның мен туралы көп естігендігі және бұрыннан жақынырақ танысқысы келетіндігі белгілі болатын.

Кездесуге «AFG-QAZ» қауымдастығымен іскерлік қарым- қатынастарда тұратын «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тәуелсіз директоры Ч.Канапьяновта қатысты. Ол бірнеше жыл бойы АИР банк-қаржы секторы өкілдеріне қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға көмектесуге өз үлесін қосып жүр.

На фото (справа-налево): В.Паяб, О.Битимов, Ч.Канапьянов

Кездесу барысында біз Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағын талқыладық.

Біздің жақындасуымыздың маңызды және нақты бағыттары ретінде келесі мәселелерді белгіледім: ауған студенттерін  қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту бойынша мемлекеттік білім беру бағдарламасын жалғастыру және Ауғанстаннан Қазақстанға медициналық туризмді өрістету.

Сұхбаттасушы келісе отырып, күн сайын мыңға жуық ауғандықтар медициналық тексеруден өту және емделу үшін Делиге (Үндістан) ұшатындығын, олардың кейбіреулері Алматыға келуі мүмкіндігі бар екенін баса айтты. Осы және басқа мақсаттар үшін ол екі жақтың да жақындасуының кепілі ретінде Кабул мен Алматы арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдауға ниетті екенін білдірді.

Мен «оңтүстік астана» Қазақстанның ірі сауда, қаржылық, мәдени және медициналық орталығы екенін атап өттім.

Бас консул көрші Өзбекстанның ауған кәсіпкерлері үшін екі апта мерзімге елге визасыз кіру режимін енгізгенін атап өтті. Қазір ол елде  бірлескен кәсіпорындар мен компаниялар жаппай ашылуда, жеке фирмалар тіркелген, ауған кәсіпкерлері Өзбекстан экономикасына жеке капиталын салуда.

Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында Өзбекстанда АИР азаматтары тарапынан діни экстремизм мен терроризм қатысты оқиғалары тіркелмегендігін, мемлекеттер арасында екіжақты кездесулер белсенді және өте жоғары деңгейде өтетіндігін және екі елдің үкіметтік делегациялары үнемі алмасып отыратындығын хабарлады.

В.Паяб қарапайым ауғандықтардың Қазақстан туралы аз білетіндігіне, керісінше, қазақстандықтардың қорқатынына және олардың Ауғанстанмен ынтымақтастықтың артықшылықтарын мен пайдалығын байқамайтындығына өкініш білдірді.

Оның пікірінше, біздің аурухананы Кабылда ашу практикалық тұрғыдан өте қызықты болады. Ол ауруханада С.Асфендияров атындағы Қазақ медициналық академиясын бітірген ауғандық түлектердің жұмыс істеуге дайын және олардың қазақстандық медицина мамандарымен бірге жұмыс жасауға ниетті екенін біледі. Осылайша, олар іс жүзінде өз халқына пайдасын тигізе отырып, оқуы мен және тәжірибесін жалғастыруға мүмкіндікке ие болар еді. Олардың қазақ және орыс тілдерін жетік білуі, өз кезегінде АИР астанасында біздің дәрігерлердің жұмысын жеңіл етеді.

Бас консул Қазақстан тарапымен іскерлік байланыс орнатуда және оның қызметтік мәселелерін шешуде бізден қолдау сұрады. Жинақтаған тәжірибемізді ескере отырып, ол «AFG-QAZ» қауымдастығымен серіктес болуға қызығушылығын атап өтті.

Ол менің Термез (ӨР) — Хайратон — Мазари-Шариф (АИР) теміржолының бойында орналасқан Найбабадта Қазақстан Республикасының терминалын салу идеясын қолдады.

Оның ауғандық экспорттаушылардың шетелге өнімдерін тасымалдау кезінде олардың көлік шығындарын USAID-тен өтеу арқылы жеңілдіктерді қолдану туралы мәселе көтергісі келетіні мәлім болды.

В.Паяб Қазақстан Республикасына жұмысқа кетер алдында Ауғанстан басшылығынан, оның ішінде ел Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Х.Мухибтен жылы лебіздер алыпты. Ол біздің халықтарымызды жақындастыру мақсатында Қазақстанмен ынтымақтастықтың көптеген салаларында жұмыс істеуге ниетті.

Сонымен қатар, ол жергілікті дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігімен байланыс орнатып, АИР Бас консулдығының әкімшілік ғимаратын басқа жерге ауыстырды. Ол карантинге шағымданып, сол себепті жоспарланған жұмыстардың орындалуы тоқтатылғанын атап өтті.

Бұрын ол халықты құжаттандыру және цифрландыру есебін жүзеге асырумен айналысқан. Ол жерде басқарма  бастығының орынбасары лауазымында болды. Бірақ, жұмысын АИР ІІМ-мен біріктіру нәтижесінде ол қызметінен кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін ол Лондонда (Ұлыбритания) 4 жыл оқыды. Бұл оның дипломатиялық және консулдық қызметтегі алғашқы тәжірибесі.

Сұхбат соңында мен В.Паябқа Ауғанстанның Бас консулы қызметіндегі сәттілік және қонақжай Қазақстан жерінде жақсы әсер алуын тілеп, қауымдастықпен байланыстың жалғасатындығы туралы сендірдім.

Ө.Бітімов

«AFG-QAZ» дамыту және серіктестік қазақ-ауған қауымдастығының төрағасы

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.