Алматыда Ми-8АМТ тікұшақтарын құрастырылуы туралы

версия на русском языке

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласында орналасқан  «AРЗ 405» АҚ ресей жинақтаушы тораптары мен бөлшектерінен құрастырылыған бірінші Ми-8АМТ тікұшағының презентациясына қатыстым. Кейін ол тікұшақ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырылды.

На фото: О.Битимов — Председатель Казахстанско-Афганской Ассоциации развития и партнерства «AFG-QAZ» на презентации первого вертолета кзахстанской сборки Ми-8АМТ

Тікұшақ көп мақсатты, оны адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін, медициналық мақсатта және құтқару операцияларында пайдалануға болады.

Зауыт Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарынан тапсырыс алады және оларды үздіксіз режимінде орындайды. Осы мақсатта зауыт желісі құрылып және тиімді мамандар тобы тартылды. Болашақта коммерциялық негізде шетелдік серіктестерден тапсырыс алу жоспарланып отыр.

Бұрын «AРЗ 405» АҚ басшылығы ауған тарапымен Кабыл және Мазари-Шариф қалаларында тікұшақтарға қызмет көрсететін техникалық-пайдалану бөлімшесін құру туралы келіссөздер жүргізген болатын.

Аталған тікұшақ модельдері жетуге қиын таулы жағдайларда өзін жақсы көрсетті. Болашақта оларды Ауғанстан Ислам Республикасында табиғи апаттар кезінде және COVID-19 зардаптарын оқшаулау кезінде елдің алыс аймақтарына құтқарушыларды, дәрігерлерді және гуманитарлық жүктерді жеткізу үшін пайдалануға қолайлы болады.

Презентация проекта / Фото Григория Беденко

Ө.Бітімов

 «AFG-QAZ» даму және серіктестік қазақ-ауған қауымдастығыныңТөрағасы

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.