Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы бұрынғы елшісі Ө.Бітімовтің «Парасат майданы» хабарындағы «Жат майдан» атты кездесудегі берген сұхбатына пікір

«Жат майдан» бағдарламасының қонағы танымал дипломат О.Бітімов ағамыздың Кеңес үкіметінің Ауғаныстанға кіру тарихы, ол жердегі сол кездегі қалыптасқан ахуал туралы берген ақпараты өте маңызды. Себебі келтірілген деректерді көп корермен біле білмейді, сол замандағы Кеңес үкіметі ұстанған иделогиясын, өзі көрген қазақ сарбаздарының атқарған қызметі, жергілікті халықтың кеңес әскерлеріне көзқарасы сол кезеңдегі қатысушы ретінде нақты суреттеп берді.

Сонымен қатар белгілі дипломат Ауған тарапынан төніп тұрған қауіп жайлы және оған Қазақстанның төтеп бере алатындығы туралы ойын білдірді. Мен және көптеген көрермендер онымен келіседі деп ойлаймын, өйткені ол елдің әскери, экономикалық жағдайы төмен және ішкі саяси ахуалында көптеген шешімі табылмаған мәселелер жеткілікті. Сондықтан отандық әскери, қауіпсіздік құрылымдары терроризмге, есірткіге қарсы күресті күшейтіп және елдегі діни теріс ағымдарды ұстанатын азаматтарды бақылауға алуы керек.

Шынымен де біздің елдің Ресейдің ықпалынан біртіндеп шығу үшін биліктегі азматтар  Біріккен ұлттар ұйымы аясында көп векторлы ынтымақтыстықты дамыту керек, сол кезде біздер өркениетті,дамыған елдермен терезесі тең, әлемде өз орны мен көзқарасы бар елге айналамыз.

Ж.Ергалиев

Толық бейне қойылымды осы жерден көре аласыз

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *