«AFG-QAZ» қауымдастығы төрағасының сөйлеген сөзі

Қайырлы күн, Құрметті әріптестер мен достар!

на фото: О.Битимов в ходе онлайн-выступления

версия на русском языке

Бүгін, біз тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіліне аударылған және бұрын орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Ауғанстан тарихы» кітабының авторы, менің ескі досым және әріптесім Сұлтан Әкімбековке арналған маңызды іс-шараға қатысып отырмыз.

Ғылыми монографияда мемлекеттік тағдыры халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінде орын алған бұрын Ауғанстан Демократиялық Республикасы (ДРА), Ислам Ауғанстан Мемлекеті (ИГА), және қазіргі Ислам Ауғанстан Республикасының ортағасырлық және жаңа тарихы қамтылған.

Автор көптеген деректі материалдарға сүйене отырып, сол кездегі оқиғаларға өте жақсы, терең талдау жасаған. Бұл қазіргі қалыптасқан жағдайды бағалау үшін өте пайдалы, өйткені жақын тарихты, ішкі қайшылықтардың ерекшеліктері мен ньюанстарын объективті түрде түсінбей, Ауғанстанның болашағын анықтау қиын.

АИР төңірегіндегі оқиғаларды бағалау көптеген мамандар, саясаткерлер үшін, атап айтқанда, біздің еліміз үшін ықтимал қайғылы салдардан аулақ болу және қалай әрекет етпеу керектігін түсіну үшін пайдалы.

Сонымен, өздеріңізге белгілі болғандай Ауғанстанда жалпы 40 жылдан астам және   тек «Талибан қозғалысымен» жиырма жыл бойына жалғасып келе жатқан әскери қақтығыс Ауғанстан халқы мен үкіметіне бейбіт өмірге көшуге және өз елін дамытуға мүмкіндік бермейді.

Осы ауған тарихында орын алған қайғылы оқиғалар себептері қазіргі заманда Қазақстанға де актуалды болуы ықтимал, сондықтан,  мемлекет басшылығы тарапынан осындай ахуалды болдырмау аясында саясат жүргізу керектігін айқындап отыр.

Кітаптың бай аймақтық материалдары орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлейтін кең аудиторияға осы елдің Қазақстан халқымен  көп ғасырлық тарихы, ортақ мәдениеті мен діни байланысының барын білуге ​​мүмкіндік береді.

Осы тарихнамалық кітапты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының мемлекеттік тілге аударуы Орталық Азиядағы түркітілдес оқырмандарға біздің еліміздің көрші Ауғанстанда болып жатқан процестер мен оқиғалардың себептерін жақсы түсінуге деген қызығушылығын айқын көрсетеді деп санаймын.

Маған қазіргі Ауғанстандағы ахуалдың өте таныс, және жақсы білетінімді атап өткім келеді. Мен бірнеше рет шетелдік ұзақ және қысқа мерзімді іссапарларға алғаш Ауғанстан Демократиялық Республикасына, содан кейін Ауғанстан Ислам мемлекетіне барған болатынмын.

2011-2018 жылдары Қазақстан Республикасының АИР-дағы елшісі ретінде ынтымақтастықтың әр түрлі салаларындағы екіжақты қатынастардың дамуына үлес қостым.

Қазақ тіліндегі «Ауғанстан тарихы» кітабын ауғандық бағытта жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттар үшін жақсы оқулық және анықтамалық нұсқаулық ретінде қолдануға болады деп санаймын.

Қорытындылай келе, мен Сұлтан Әкімбековты кітабының тұсаукесерімен құттықтаймын, оған өзі құрып, басқарып отырған  Азия зерттеулер институтына жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін, және институт тарапынан Ауғанстандағы бейбіт процесі мәселелеріне ерекше назар аударылатынына сенемін.

Өз тарапымнан, мен басқаратын «AFG-QAZ» қауымдастығы қазақстандық сарапшыларымен, оның ішінде С.Әкімбековтың институтымен, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әр түрлі саладағы даму мен серіктестік бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырамыз.

Назарларыңызға рахмет.

11 желтоқсан 2020 жыл

Нұр-Сұлтан қаласы 

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *